Кедей мұсылман байып кетсе не болады?

Кедей мұсылман байып кетсе не болады?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шүбәсіз, әр адам толыққанды әрі қамтамасыз етілген тұрмысқа ұмтылары хақ, сондықтан өзін толықтай байлық жинауға арнайды, сондай-ақ, жоғары лауазым мен артықшылық сияқты армандар да оған жат емес. Осы мақсаттарға жету үшін қарапайым өлім иесі ұйқы-күлкі көрмей, барлық күшін салады, алайда тезірек баю деген жолда сәтсіздікке ұшырап жатады. Дегенмен, адамдар оларды сол байлықтан келер көптеген ауыртпалықтардан Алланың құтқаратынын ұмытып кетеді. Хадистердің бірінде былай айтылған: «Егер Алла Өз құлын сүйетін болса, онда Ол оны су апатынан зардап шеккен адамды құтқарғандай, бұл дүние игілігінен сақтайды». Байлыққа қол жеткізген адамдардың көп жағдайда жаман жаққа қарай өзгеретінін байқаймыз. Олардың намаз оқуға, туыстарымен араласуға уақыттары қалмайды, тіпті кейде олар ата-аналарын да ұмытып жатады. Байлықтың соңына түсіп алған адамдар ораза да ұстамайды, үнемі уақыт жетімсіздігінде жүреді. Сол себепті осындай жағдайларда Алла Тағала бұл дүние нығметтерінің есіктерін жабатын болса, сол адамның өзіне, оның отбасына, ата-анасына, ақыр соңында, сынақтарды басынан өткерген әлгі қарапайым өлім иесі Жұмақтан орын алуы үшін - бұл тіпті де жақсы.

- Намаздан кейін Алладан бұл дүние нығметін сұрау қаншалықты орынды?

- Сөзсіз, рұқсат етілген жолдармен Алланың көмектесуін сұрау да, қажет ету де керек. Бай болуға тыйым салынбайды, алайда бұл жердегі басты сұрақ сол байлықты қалай жұмсауда болып тұр.  Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) былай айтқан: «Байлыққа ұмтылыңдар, байыңдар, бірақ зекет төлеуді ұмытпаңдар! Зекет – салықтың өзінше бір түрі. Исламға дейінгі заманда да байлар мен кедейлер болған. Қаруланған адамдар кедейлерден салық жинаумен айналысатын болған. Осылайша, кедей бейшаралар азын-аулақ қорларынан байлар үшін қаражат төлейтін болған. Исламның келуімен бәрі түбірінен өзгерді, енді ауқаттылар кедейлердің пайдасы үшін зекет төлейтін болды. Негізінде, бұл дұрыс. Алла былай бұйырған: «Байыңдар, бірақ жыл сайын зекет төлеңдер, сол арқылы кедейлерге, жетімдерге және қайғы-қасірет көрушілерге көмектесіңдер», «Уа, иман келтіргендер, ауқатты болыңдар, молшылықта өмір сүріңдер, саудамен айналысыңдар, былайша айтқанда, адал еңбек жасаңдар. Тек нағыз иесінің рұқсатымен ғана мүлік пен азық-түлікке қолдарыңды тигізіңдер. Біреуді жәбірлеу немесе жақынның мүлігін тартып алу арқылы, алдау немесе пайдакүнемдікпен күнә жасай отырып, баюға жол берілмейді. Тек өз күш-жігерімен, адал еңбек ету арқылы баюға болады. Кейбір әлі барлар әлсіздерге әлімжеттік жасау арқылы байып алады, ал енді біреулер нығметке ақыл-ой еңбегінің арқасында жетеді. Кез-келген жағдайда, байлыққа тек адал жолмен ғана жету қажет.

Сахабаларымен және туғандарымен қоштасарда Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) былай айтқан екен: «Уа, менің үмбетім, мен әлі де сендер үшін уайымдаймын!» Бұл уайымның себебі не деп сұрағанда, ол былай жауап берген: «Кедейліктен зардап шегесіңдер деп қорықпаймын, байлық сынағынан қалай өтесіңдер деп алаңдаймын. Әр тайпаның өз сынағы болады. Менің үмбетімнің ең басты сынағы — байлық».

Егер бұл дүние нығметі мен байлығы бірінші кезекке шығатын болса, олар ұрыс-жанжалдың шығуына себеп болады да соның салдарынан соғыс, ұрыс-керіс, өзара жазғыру мен жауласу басталады. Сол себепті материалды игіліктерді саналы түрде дұрыс қолданған абзал. Алла Тағалаға деген сезім жүректе болып, ал қазына-мүлік қалтада болуы керек. Егер біз Алланы жақсы көрсек, қызғаныш, жауласу мен жақтырмау бізден аулақтайтын болады. Материалды дүниелердің алдында, рухани құндылықтарды ұмытпаған жөн. Байлық жинауға беріліп кеткен адам, кітап оқу және дұға жаттау, яғни, рухани баю жағына ұмтылмайтын болады. Баянсыз өмірден өтерімізде біз өзімізбен ештеме де әкете алмаймыз. Осы дүниеде жиналған байлық — осы дүниеде қалады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: