Таразда тек әйелдер жамағатына арналған Мәуліт кеші өтті

Таразда тек әйелдер жамағатына арналған Мәуліт кеші өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Һибатулла Тарази» мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Қыздар-әйелдер секторы ұстаздарының бірігіп атсалысуымен тек әйелдер жамағатына арналған «Пайғамбарға сағыныш» атты Мәуліт рухани-танымдық кеші өтті.

Тараз шаһарының ақ жаулықты әжелері, ардақты аналары мен жастары бас қосқан жиын көптің жүрегіндегі Алла Елшісіне (с.ғ.с.) деген сағынышты оятып, көңілді толқытпай қоймады.

Салихалы кеш қасиетті Құранның теңдесіз аятарымен басталып, әсерлі бейнероликтер көрсетілімі, мешіт шәкірттерінің салауат, әндерімен жалғасын тапты.  ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев сөз сөйлеп, нәзік жандыларға Мәуліттің маңыздылығы жайлы жеткізе келе ұлық мерекемен құттықтады. Облыстық драма театрдың әртістері мен мешіт шәкірттері қойған қойылымдар жұртты жыларман етіп, Пайғамбарға (с.ғ.с.) арнау өлеңдер оқылды. Ол жайлы аят, хадистер айтылып, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Қыздар-әйелдер секторының өкілі Зейнеп Үсенованың ғибратқа толы уағызы тыңдалды.

Шәкірттер жасаған Мәуліт айындағы 5 Құран хатымының және жылдың ерекше жаңалығы болып рекорд орнатқан осы айда айтылған 8 млн салауаттың дұғасы жасалды. Кеш соңында ардақты әжелер бата беріп, шашу шашты.

Айта кетейік, аталған іс-шара облыстық көлемде үлкен концерт залында өтуге тиіс болатын, дегенмен мүмкіндіктерге байланысты Алла үйінде атап өту бұйырып отыр.

 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: