Әйелдер жамағаты "Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Қыздар-әйелдер секторының Жамбыл облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен апталық уағызға жиналды.
Әр апта сайын нәзік жандылардың иманын көтеретін әсерлі насихатты бұл жолы осы мешіттің наиб имамы Ғалымбек Жапек жүргізді.
"Тәрбие - тал бесіктен басталады" демекші, осынау тәрбиенің негізі қыз баласында, әйел затында жатыр. Өйткені, балаға тәлім беретін де, бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді әлдилейтін де осы әйел заты.
Жиында мінез, ибалылық, ар-ұят, үйдің ұйытқысы бола білу сынды тақырыптар да тілге тиек етіліп, сұрақтарға жауап берілді.
Айта кетейік, жүректегі иманды бекітіп, рухыңды көтеретін уағызға қатысамын деген әйелдер жамағаты үшін уағыз әр аптаның сенбісінде сағат 12-00 де өтеді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.