Тараздықтар жаңа мүфти үшін дұға жасады.

Тараздықтар жаңа мүфти үшін дұға жасады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының өкілі Данияр қажы Әлимұхаммедұлы орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бесін намазында жамағатқа уағыз айтып, еліміздегі болып жатқан соңғы жаңалықпен бөлісті.

«Бүгінгі еліміздің дін саясаты өз тұғырын бекітіп жатқан тұста Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Оразұлының жоғары лауазымға сайлануы халқымыздың ауызбірлігін одан әрі нығайтпақ. Дәстүрмен сабақтасып келе жатқан Қазақстандықтардың діни бағыттағы ұстанымын тағы да жаңа қырынан паш ететін уақыт келді. Еліміздің болшағына дін қызметкерлеріде  жаңа басшымен аянбай еңбек ететіндігіне сеніммен қарауға болады»-деді, өкіл имам өз сөзінде.

Сөз соңында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас муфти Серікбай қажы Оразұлына мешітіміздің ақсақалы Несіпқұл Жаланашов қария Жамбыл облысы жұртшылығының атынан бата беріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: