Шу ауданы Құқық және бизнес колледжінде студенттер мен жастар арасында экстремизм мен діни ағымдардың зардабы жайында алқалы бас қосу өтті.
Төле би ауылдық округі әкімінің орынбасары Б.Асатов сөз сөйлеп, кейін Шу аудандық Төле би мешітінің найб имамы Талғат Кәрібайұлы жалғады. Ол: "Ислам адамзат баласын бірлікке, бейбітшілікке, татулыққа шақыратын дін. Себебі, бірлік бар жерде береке, бейбітшілік бар жерде тыныштық бар," - деді өз сөзінде.
Маман экстремизм, салафизм, т.б. сол сияқты ағымдарға жол бермеудің, оған тап болмаудың жолдарын түсіндіріп айтты. Сонымен қатар, Құқық және бизнес колледжінің студенттері ағымдарға байланысты сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.
Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі