Күн салқын түсіп, ауылда жағдайы төмен отбасылар қыстық жылы киімдер алуға шамалары жетпей жатады. Осы тұрғыда біраз ата-аналар ауыл мешітінің молдасына өтініш жасаған болатын.
Тұрар Рысқұлов ауылы «Жарас» мешітінің молдасы Коктал Мадияр кәсіпкерлермен келіс-сөз жүргізгенінің нәтижесінде, мектептің табалдырығын алғаш аттаған 8 балаға қыстық куртка, аяқ киім сыйланды. Сый-құрметке ие болған ата-аналар мен жас сәбилердің қуанышында шек жоқ.
«Жарас» мешітінің молдасы Коктал Мадиярдың айтуынша, бұл жанұяның балалары алдағы уақытта да қамқорлықта болмақ.
Меркі ауданы, аудандық «Меркі ата» мешіті.