Шу аудандық "Төле би" мешітінде ауданымызға қарасты барлық ауыл имам молдаларымен жылдық қорытынды есебіне байланысты келелі бас қосу өтті. Жиын басында ауданымыздың бас имамы Аят Дыбысұлы алматы қаласында өткен Қазақстан Мұсылмандарының 8-ші құрылтайында Серікбай қажы Ораз Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Бас мүфти болып сайланғандығын хабарлады. Сонымен қатар ауыл имам молдалары бір жыл ішінде атқарған іс-шаралар бойынша есеп берді.
Ауданның бас имамы Аят Дыбысұлы ауыл молдаларының есебін тыңдап, ҚМДБ-ның бекіткен төрт бағыты бойынша атқарған жұмыстарына баға беріп, мешіттердің күрделі жұмыстарын өткізген ауыл молдаларына алғысын айтты. Сондай-ақ, екі дүние сәруәрі болған Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мәуліт айы мерекесін ауылдарда өз деңгейінде атап өтулерін жүктеді.
Жиын соңында ауданның бас имамы Аят Дыбысұлы ҚМДБ-ның бекіткен төрт бағыт бойынша және өкілдіктен келіп түсетін хаттарды өз деңгейінде орындауларын тілге тиек етіп, алдымыздағы жылда аянбай қызмет қылуларын тапсырды.
Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі



19 Қаңтар 2026
30 Раджаб 1447

