Түркі әлемінің пірі - Қожа Ахметтің ұстазы әрі екі дүние сардары ақыр заман пайғамбары Мұхаммед /с.ғ.с/ ның өсиетін жеткізуші , бабтардың бабы Арыстанбабтың кесенесі киелі Түркістаннан алыс емес. Әзіреті сұлтан ұстазын ардақтап пір тұтып: - «Арыстанбабқа түне-менен тіле» деп өсиет қалдырғаны жайлы аңыз бар. Осы Арыстанбаб кесенесінде шырақшы болған, Әзірет Сұлтанның мөрін сақтап кейінгі ұрпаққа жеткізген Жаңыл апа жайлы сырды көпшілік біле бермейді.
Апа жайында үзік сыр
Мен Жаңыл апаға бірінші рет 2004 жылы шілде айында кезіктім. Арыстанбабқа зиярат етуге кіргенде аруақтарға құран бағыштап отырған ақ жаулықты әйелге силық ұсындық.
Бөлмеден шыға бергенде әлгі әйел сен сәл тоқташы дегені . Бұрылып қасына келдім. Сен қай жақтансың деп сұрады. Көкшетаудан дедім. Ойбүй бауырым екенсің ғой дегені.
Қалайша десем. Мен айдалып келген бір Арғынның қызы едім. Атбасар жақтан келдік деп, әкем айтатын. Бірақ мен осында туғам. Атым Жаңыл. Сен кесек ақша ұсындың ғой. Алыстан жүр екенсің дегені. Жоқ сізге силағаным дедім.
Мен кесенеге кірерде бес жүз тенге берсеңдер болады деген соң, сол соманы дайындап алып, қалғанын басқа қалтама салғам. Қалайша бес жүз тегені кесек деп тұр деп, ойладым, ештеңе дегем жоқ. Өзімнің қожа тегінен екенін айтып бердім.
Мә, сен менің қайным екенсің, шалым қожа еді, қайтыс болды. Бауырларыңмен таныс, үйге жүр қонақ бол, Шәуілдірде тұрам, осыдан алыс емес деп, үйіне шақырды. Уақытым тығыз деп, рахмет, айттым. Апай, қол сумкасынан ақ қағазға басқан жарты парақ суретті беріп жатып: - «Бұл өте қасиетті нәрсе үйіңе апарып төріңе іліп қой деп»- ұсынды.
Қасымдағы серіктеріме де берді. Суретке түстік.. Ел көп, сөйлесуге уақыт аз. Сыртқа шығып қалтама қол салсам, шынында апайға басқа соманы беріппін. «Аллаһтың» қалауы шығар дедім де, еш кәперсіз кете барғам. Бірақ, сурет сызба емес, таңба сияқты болды.
Неболса да бір қасиеті бар, дұға шығар деп, төрге іліп қойдым. Содан 2009 жылы « Ана тілі газетінің» № 16 санында «Ясауи мөрі бүгінге қалай жетті?» деген мақала шықты. Оқып отырсам Жаңыл апа деген, ат көзіме оттай басылды.
Жалма жан газеттегі суретке қарасам, өте ұқсас, бес жыл өтті ғой. Өзімдегі фотамен салыстырдым. Айнымаған өзі. «Мен саған жеңеше болам» -деп тұрғаны көз алдыма елестеп кетті.
Енді бір барып жолықсам деумен жүргенде 5 жыл өтіпті. 2013 жылғы сәуірде Қарахандар әулеті Сауранда ас бергенде, Арыстанбабқа барып, Жаңыл апайға жолықпақ болдым. Бірақ апай сырқаттанып Шымкентке кеткендіктен жолыға алмай, келіні Гүлсімнен жөн сұрасып қайттым. Көңіл бір күпті жүрді.
Кесененің әлпеті 2004 жылға қарағанда көп өзгерген екен. Қасына зәулім мешіт салыныпты. Зиярат етуге келгендер саны көбейіпті. Жаңақорғандағы Бақсайыс қожалар 2013 қыркүйек айында бабамыздың басына ас береміз деп шақырды. Осы жолы жолым болар деп үміттендім. Үмітім ақталды.
Арыстанбабқа келіп, келіні кесенеде жоқ болған соң, үйіне телефон соқтым. Келіні апамның көзі көрмей қалған, көп адаммен кезіккісі келмейді, айтып көрейін, сіз екінші рет келіп тұрсыз, жолықтыру жағын ойлайын деді.
Мен: - Төркінің, Көкше Атбасардан қайның келіп тұр деп, айтыңыз деп, баяғыдағы кездесуді, айтып бердім. Келсін депті. Зулатып жетіп бардық. Сені мен қәзір көре алмаймын ғой, бірақ сондағы кездесу әлі есімде. Сен, бір рет іздеп, келетін шығар. Ана сурет «Қожа Ақмет бабаңның мөрінің суреті деп, айтпағаныма өкіндім. Ол кезде де дін жаңа ғана еленіп, Қожа Ақметті түркі тектес деп жүрген кез ғой. Біреу естіп қалып, бәлем тиер деп, бойды жайлаған кезіндегі үрей меңдеп, айта алмап едім деп, нұрсыз жанарынан жас сорғалап кеткенде, қасымда отырған ағайым Карілханның еріксіз күрсінінгені естілді.
Мен Жаңыл апайға алғаш жолыққанда Қожа Ақметпен бірге туған Садыр шайхтан тарайтынымызды айтқам. Оны ұмытпаған сияқты . Кейінгі кезде жас ұлғайғандықтан аурушаң болып, естегі нәрсенің бәрі шығып барады. Жасымнан тағдырдың тауқыметін тарттым, тәуелсіздіктен кейін аздап бел жазғандай болдық қой деп, тарихын, қожаға келін болып, киелі заттарға қалай ие болғаны жайлы әңгімеледі.
Кей жерде жаңылып, бір айтқанын қайталап кетеді. Сол кезде келіні тыңдай-тыңдай жаттап алған апасының сөзін, есіне салып отырды. Кесенеде Арыстан баб, Қарға баб, Лашын бабпен бірге жатқан Шерімбет әздерден бастап Жаңыл апаның күйеуі Мамасадыққа дейін кесенеде шырақшы болыпты.
Апаның өз сөзіне жүгінелік: – Мен Көкшетау Атбасар жақтан айдалып келеген арғын Сүйінбай дегеннің қызымын. Осы Отырар жерінде тудым. Соғыстан бұрын 12 жасымда телефонист болып орналастым. Соғыстың басталуымен, аяқталуын мен хабарладым. Білесіңдер ғой ағаштың басында ілулі тұратын ақ шелекті деп, әзілдеп қояды.
Біз сол шелектен сарнайтынбыз. Соғыс біткен жылы Сейіт қожа Бабаханұлы Мамасадыққа тұрмысқа шықтым. Ол кезде қожа деп, айту, сотталу деген сөз. Қожалығымыз бетке көп шіркеу болды. Сабаққа түсе алмаған бір қызым әкесінің «қожа» болғанына қамығып, маған ренжіп, жылаушы еді...
Осы кесене жайлы Мамасадық білгенін айтып, қамқорлыққа алайық деп, өтінді. Мен келісіп, қараусыз қалған кесененің жанына Мамасадық екеуіміз кигіз үй тігіп шамамызша қорғап, жөндеуді бастадық. Артынан мемлекет қамқорлыққа алып жағдайы жақсарды ғой.
Бұл кесене кезінде не көрмеді, не болмады. Жанында жер кепе болды. Онда әр жерден қожалар жасырын келіп, түнде зікір салатын. Құдайға мың шүкір. Қәзір жақсы ғой. Аруағыңнан айналайын атам Бабахан қари еді.
Құранды жатқа білетін. Партияға кірмеңдер. Олар «құдай жоқ» дейді. Сенбеңдер. Кәпір болып кетесіңдер. Атамыз қажыға барған. Советтен қашып жүріп, Өзбек жерінде көмген кітабы табылмады. Қайдан іздеудіде білмедік. 1950 жылдары атам осы мөрмен, құран кітаптарын беріп тұрып, ешкімге көрсетпе, берме, өзің сақта, қызылдар көрсе, мөрдіде, сеніде, құртады, абай бол деп, өзі көмдірген еді.
Мамасадық онда қызмет істейтін. Оған сенбеді. Бірақ, ол қожа болғаны үшін, аз теперіш көрген жоқ. Бірде осы мөрден айырылып қала жаздадық. Арыстың жағасында отырғанда тасқын болды. Елді қәуіпсіз жерге тасыды.
Мен осы көмген мөрге алаңдап шегіне бердім. Бірақ милиция қоймай, алып кетті. Түнімен ұйықтағам жоқ. Көңілім алаңдаулы болсада, жүрегім бір тиыш сияқтанды. Ертеңінде жұртымызға келсек үйлердің бәрі быт шыт, жермен жексен. Біздің үй ғана қалқайып тұр.
Осыны Жұмабай Тәшенов тікұшақпен төбеден көріп, қалқайған жалғыз тамды көріп, таң қалады. Нөкерлері «Бұл үйдің астына бір қожа кітап көмген» деп, кейін түсіндірсе керек. Содан басшының тапсырмасымен бірінші біздің үй жөндеп салынып, төбесін шифрмен жапқан жалғыз үй болды. Міне құдайдың құдіреті.
Әулие құлының, асыл мұрасын аман сақтады. Мөрдің таңбасын албаты таратпайтынбыз, кейін қазаққа себі тисін деп, таратып жүрміз. Ондада, кіші жұмамен, жұмада ғана. Басқа күні мөр қағазға түспей қоятыны бар. Аталардан қалған біраз дүниені тисті жеріне тапсырдым, кей бірін зертеуге алып, хабарсыз кеткендеріде болды. Қалған екі құран кітаппен, осы мөр ғана. Мөрді сұрағандар бар.
Әзірге бергем жоқ. Балаларыма аманат. Мүмкін мұражайға тапсырар. Астанадан сұратты бергем жоқ. Белгілі азамттарда келіп көрген, газеттенде келіп жазды. Бәлендей нақты ұсыныс түскен жоқ.
Дін және дінге қатысты нәрселердің қасиет, маңызын әлі түсінбей жүрміз ғой. Сондықтан мынандай қасиетті құнды зат, аяқ асты болып кетеме депте қорқам дейді, жанары суланған кейуана.
Я, аяқасты, қолды болмай тұрғанда Астанада жаңадан ашылып жатқан «Ұлттық мұражайға» қабылдап алуды ойластырса жөн болар еді. Міне үшінші рет іздеп келдің, қожалардың тегін адамдар болмағанын көзім көрді, құлағым естіді, бір кісідей білем деп, қолымды қысып, бетіне басты.
Қарымы әлсіз алақаны, әжімді бетінен бейне бір жылы леп есікені сезілгендей болды. Атбазардан, Атбасар атанған киелі мекеннің, қыздары бақытты.
Атбасарда тұратын Фатима апамыз Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) бір тал сақалын, ата бабасы Атбасарлық Жаңыл апамыз, айдалып жүріп құдайдың жазуымен Қожа Ахметтің мөрін сақтап бізге жеткізді. Бұл «Аллаһ» - тың сиы демеске..
Дінсіздер жайлаған , әсіресе исламға жау қоғамда аңдуда жүріп, аталар аманатын бүгінге жеткізу әйел тұрғой, ердің ерінің қолынан келер, келмес іс . Күллі адамзаттың және күллі түркінің ардақтысының қасиетті заттарын сақтау, аманатқа ие болу Атбасарлық қыздарға бұйырғаны таңданарлық жай екеніде рас..
Мөрдің сипаты жайында таныстыра кетсек. Мөр ағаштан жасалған, араб әріптері мөрдің бетіне ойып жазылған бедерлері, көзге көрінер көрінбес қалыпты. Деректерге сүйенсек мөрдегі жазуды өткен ғасырда Сант- Петрбургтегі Эрмитаждың Шығыс өнері бөлімінің менгерушісі А. А. Иванов арабтанушы- ғалым С. Ергөбекевтер оқып шыққан.
Мөрдің ортасында: «Сұлтан Қожа Ахмет Ясауий» айналасындағы бармақтың басы тәріздес жапырақшаларда 9 Ахметтің аты ретпен ойып жазылған.
Олар:
«Шайқы Ахмет Раванде,
Шайқы Ахмет Жами,
Шайқы Ахмет Маржан,
Шайқы Ахмет Кабир,
Шайқы ахмет Аркам,
Шайқы Ахмет Саххак,
Шайқы ахмет Харб,
Шайқы ахмет /толық оқылмаған/
Шайқы Ахметмарсал».
Түйін: Қайталанбас құнды зат – Түркі жұртының пірі Қожа Ахмет Ясауийдың мөрін аманат иелерімен келісіп, «Ұлттық мұражайға» алу жағын мемлекет кешіктірмей қолға алса. Жаңыл апа жұбайы Мамасадық екеуі кесененің 1911 жылғы сызбасын көзінің қарашығындай сақтап кейінге жеткізгені, кесенені қайта қалпына келтіруге зор көмек болғанын баса айтқан жөн.
Жаңыл Сүйінбайқызы Нарынбетова апаның осы еңбектері бағаландыма жоқпа, олда белгісіз. Күллі адамзаттың ардақтысы екі дүние сардары, ақырзаман пайғамбары Мұхаммед ( с.ғ.с ) бір тал сақалын Фатима Әбдібекқызы Дайырова апамыз өткен жылы Қазақстан Діни басқармасына өз қолымен салтанатты тұрде тапсырды.
Діни басқарма апамызға алғыс реінде 2 бөлмелі пәтер силады. Бұл Ақмола облысындағы діндарлардың дінге көз қарасы терең екенін көрсетеді. Ал Қызылорда, Шымкенттік діндарлар қолда бар алтынды аялағаны жөн сияқты.
Жаңыл апаның жағдайын білуге, жыл басы наурыздың 22 күні құттықтап телефон соқтым. Келіні Гүлсім, апам қуанып қалды. Сізге сәлем айтты деп, қуанышын жеткізді. Апаның амандығына мен де қуанып қалдым.
Келесі кезекте қазақ ғалымы Шоқанның әжесі Айғаным ханшаның әкесі әулие Сарғалдаққожадан қалған дұға тұмар жайында сыр шертемін.
Қазаққа «Аллаһ жар болып», адамзаттың алыптары, түркі қазақтың әулиелерінің құнды заттары мемлекеттік денгейде өзіне лайқты орнында, қазақтың береке бірлігімен, тиыштығын сақтауда өнеге, ата баба аманатын, о ұрпаққа жеткізген қайсар жандардың ерлігін паш етіп тұратын болсын. Әмин.
Мөрдің қағазға басқан таңбасы
Қожа Ахметтің ағаш мөрі
Жаңыл апамен бірге
Пайғамбар (с.ғ.с)- ның мүбәрәк сақалы салынған шыны құты, қобдиша
Фатима апа
Фатима апа Пайғабарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) сақалын Діни басқармаға тапсыру кезі
ult.kz