«Кеңесхан қажы» мешітінде 20 отбасыға көмек берілді

«Кеңесхан қажы» мешітінде 20 отбасыға көмек берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Нарықтық дәуірде қаржы дағдарысы өршіп тұрса да, қайырымды жандардың табылатыны көңілге қуаныш ұялатары сөзсіз. Қарашаның 25 күні жамбылдық кәсіпкер азамат 20 отбасына қомақты қаржылай көмек беріп, мұқтаж жандарды бір қуантып тастады.

Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы мешітке жиналған мұқтаж азамат-азаматшаларға насихат айтты. Дін маманы өз сөзінде: «Алланың пендесінің басына салған қиындықтарына қарағанда, берген нығметтері қашан да басым болмақ. Алланың бір жәрдем есігі жабылса, басқа есігі ашылатыны сөзсіз. Сондықтан да, ешқашанда мойымай, Алланың бергеніне шүкір етіп, өмірдің түрлі тауқыметіне сабыр етпек керек», - деді.

Алланың ардақты елшісі (с.ғ.с.): «Көршісі аш болып, өзі тоқ болып жатқанқан бізден емес», - деп, біздерді қоғамдағы мұқтаж жандардың тағдырына алаңдауға шақырады.

Мешітке қадам басып келген бұл 20 кісінің арасындағы көпбалалы жасы үлкен бір апа шын жүректен қайырымды жанға алақан жайып бата берді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Кім де кім, бір мұқтаждың қажетін өтесе, Алла оның қияметте басына келген қиындықтарын алып тастайды», - дегендей, Алла халқын ойлаған бұл медценат азаматқа, отбасына, ағайын-туысы мен ұжымына береке беріп, екі дүниеде бақытты еткей! «Кедейдің бір тойғаны - байығаны», деп, кедейдің қарнын ойлаған халқымыздың жомарт ұлдары жасай берсін!

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: