Қордай ауданында ұлық мереке мәулід айы жергілікті мешіттерде тойлана басталды. Алғашқы болып игі істің шымылдығын ашқан Сортөбе ауылдық «Дінислам» мешіті болатын.
Салтанатты жиынға көп ұлтты еліміздің әр жерінен келіп, мерекелік іс-шараға қонақ болды. Ауданның бас имамы Д.Жандосұлы жиналған қауымды мерекемен құттықтап, Алла елшісінің өнегелі өмірі жайлы сыр шертті. Жамағатпен Мәуліт шариф оқылып, кейіннен кең дастархан жайылды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі