"Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы "Қыздар-әйелдер" секторының ұйымдастыруымен апталық уағыз өткізілді.
"Пайғамбарға (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілік пен салауат айтудың маңызы" тақырыбы арқау болған жиын көпшіліктің көзіне жас алдырды.
Ардақты Алла елшісін (с.ғ.с.) еске алып, оның өзін-өзі ұстау мәдениеті, көркем мінезі, мұсылман жұртшылығына қалдырған өнегесі сөз болды. Насихатты сектор жетекшісі Зейнеп Үсенова жүргізді.
Әйелдер қауымы уағыздан ерекше әсер алып, рухани азық жинап тарқасты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.