Мұсылман адам науқастанып қалған достары мен көршілерін бос уақыт тауып зиярат етіп тұруы тиіс. Мұндай әрекет мұсылмандар арасында байланысты күшейтіп, олардың жүректерінде бір-біріне деген сүйіспеншілік ұялатады.
Науқас кісілерді зиярат ету – ардақты Пайғамбарымыздан (с.а.у.) қалған сүннет. Ол үнемі науқастарды зиярат етіп, өзге мұсылмандарға да осылай істеуді бұйырып отыратын. Сыртқат кісіні зиярат еткен адам оған рухани күш-жігер береді. Бұл өз кезегінде кісінің өзіне сауап әкеледі.
Хадисте айтылғандай Алланың разылығын табу жолында Меркі ауданының бас имамы Батырбек қажының бастамасымен мешіт қызметкерлері Меркі елді-мекенінде орналасқан аудандық аурухана мекемесінде болып, ондағы дертке душар болып, емделіп жатқан жандардың көңіліндерін сұрап, дерттеріне Алладан шипа тілеп дұға жасап қайтты.
Меркі ауданы «Меркі ата» мешіті