«КЕҢЕСХАН ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ

«КЕҢЕСХАН ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараздықтар қала имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлының ұйымдастыруымен адамзаттың ардақтысы, сүйікті пайғамбарымыз Мұхамметтің (с.ғ.с.) құрметіне екі рет мәуліт жырын оқыды.

Бірінші мәуліт шәріп қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде 24 қарашада жұма намазының алдында оқылса, екіншісі сенбі күні мәуліттің құрметіне аталмыш мешітте құптан намазынан кейін жайылған дастархан басында оқылды.

Мәуліт жырын «Әулие-ата» мешітінің бас имамы Ораз Баймаханов араб һәм қазақ тілінде өз мақамына салып, нақышына келтіріп оқыды. Мешітке жиналған жамағат мәуліт шәріпке құлақ түріп, «мақомуль-қиям» сөздеріне келгенде Алланың елшісіне құрмет көрсетіп, аяқта тұрып, барлығы бірге салауат айтты.

Дастархан басында қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы «Пайғамбарымыздың керемет сипаттары» деген тақырыпта уағыз айтты.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кім маған бір салауат жолдаса, оған Алла он есе жарылқауын жібереді», - дегендей, Алла тағалам барша мұсылман жамағатын өз рақымына бөлегей.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: