Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде «Әйелдер-қыздар» секторының ұстаздары және мешіт шәкірттерінің ұйымдастыруымен, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік беріліп, қаржылай көмек көрсетілді.
Қазан айында ұйымдастырылған қайырымдылық жәрмеңкесінің жалғасы болған бұл шара көпбалалы және жалғызбасты аналарды қосқанда 5 отбасыға демеу болды.
«Жасырын және жария түрде садақа беріңдер», «Садақа ризықтарыңды көбейтеді» деген хадистерге амал етуге асыққан мешіт қызметкерлерінің ниеті – мұсылман бауырларымыздың жүректеріне жол табу болды.
Үлкенді-кішілі жамағатпен болашақ буынға қайыр-садақа, мұсылман бауырға демеу болудың үлгісін көрсеткен осындай шараларға Алладан берекет және бірлік тілейміз.
"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі.