Көшпелі айлық уағыз дастарханы «Әзірет Әли» мешітінде жалғасын тапты

Көшпелі айлық уағыз дастарханы «Әзірет Әли» мешітінде жалғасын тапты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Әлимұхаммедұлының қолдауымен үстіміздегі жылы басталған айлық уағыз дастарханы осыған дейін облыстық «Һибатулла Тарази» мешіті мен Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде жайылған-ды. Мешіттер арасында көшпелі сипат алған бұл рухани дастархан дүйсенбі күні «Хазірет Әли» мешітінде өз жалғасын тапты.

«Хазірет Әли» мешітінің бас имамы Мыңбаев Бекболат ұйымдастырған бұл игі шараға қалалық мешіттердің имамдары өз жамағатын ерте келді. Бұндағы мақсат – қаладағы жамағаттың өзара таныстығы мен ынтымағын арттыру.

Кеште Тараз қалалық "Кеңесхан қажы" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл "Бірлік пен ынтымақ – бейбітшілік кепілі" тақырыбында сөз сөйлесе, «Айсұлу ана» мешітінің бас имамы Қанат Қуанышбеков «Алланың дінін ұстанған жамағат бөлінуге тиіс емес» тақырыбында әсерлі уағызын айтты.

Сөз кезегін алған «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстазы Нұралы Бақытұлы жамағатты діни сауатты болуға әрі төл мазһабымызды біле жүруге шақырды.

Келелі сөз бен, дуалы уағыздың соңында «Әл-Фирдаус» мешітінің бас имамы Ғалымбек Жапек асқа бата беріп, еліміздің амандығы мен жұртымыздың тыныштығын тіледі.

"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: