БАС МҮФТИ ТАРАЗДЫҚ МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІНЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ.

БАС МҮФТИ ТАРАЗДЫҚ МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІНЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Білімді де білікті дін мамандарын даярлау бүгінгі заман талабы. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы аянбай еңбек етіп, білім саласына ерекше мән беріп келеді.

Бүгін осы мақсатта Тараз шаһарына ҚМДБ-ның төрағасы, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен Діни істер және талдау бөлімінің меңгерушісі Тұрдыбаев Камалжан, Іс басқарушы Орын Ербосын арнайы келіп,  алғашқы сапарын медресенің жәй-күйімен танысумен бастады. Дінбасы білім алып жатқан шәкірттердің жатақханасын, оқу сыныптарын аралап, кітапханадағы кітап қорымен танысты. ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкіл имамы, медресе директоры Данияр қажы Жұмабаев студенттердің білім сапасын баяндап, оқып жатқан кітаптары мен оқулықтары жайында тілге тиек етті. Мешіт-медресенің түсірілім студиясын көрген Ержан Малғажыұлы жоғары баға беріп, кішігірім бейнежазбалар мен уағыз түсіруге арналған бұл нысан өте жақсы дүние екен деп қуанышын білдірді.

Сонымен қатар, Бас мүфти екі дүние бесігі болған киелі ілім ордасы медреседе білім алып жатқан шәкірттермен кездесті. Жиын барысында өкіл имам білім беруші ұстаздарды жеке-жеке таныстырып өтті. Аталған медреседе дәріс беретін ұстаздардың білім деңгейлері жоғары екені айтылды.

Алыстан ат артып келген Дінбасы шәкірттерге арнайы дәріс оқыды. Дәрісте шәкірттің білімге ықылас қойып, барлық уақытын тиімді пайдалану керектігі сөз болды. Ең бастысы, мінез-құлыққа аса мән беріп, білім алу кезінде кішіпейілдік қасиеттің зор рөл атқаратынын жеткізді. Шәкірттерге қазіргі білім алып жатқан медресенің жағдайы өте жоғары деңгейде екендігін айтып, бұрынғы уақыттарда жастарымыз шетел асып, білім іздеп кеткендігін, ол жақта мұндай ыңғайлы жағдай жасалмағандығын еске салды.

Дәріс соңында Бас мүфти медреседе алғырлықпен көзге түсіп, оқуда озат болған шәкірттерге 10 000 теңге шәкіртақыны өз қолымен табыс етті. Сондай-ақ, білім алушыларға батасын беріп, сәттілік тіледі.

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: