Тараз шаһарының тарихи жәдігері болған «Абдіқадір» мешітінің имамы Айнабек Ахметовтың ұйымдастыруымен, мешіт демеушілерінің қолдауымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арнап қой сойылды.
Қайырымдылыққа сойылған мал еті 40 шаңыраққа азық болды. Аталған іс-шараға мешіт қызметкерлері атсалысты. Көмек алған отбасылар алғыстарын білдіріп, жылы тілектерін айтып баталарын берді. Мұқтаж бауырларымыздың мұңын ескере отырып садақасын аямаған демеушілерге Жаратушыдан қызмет, табыстарының берекетін тіледі.
"Мұсылмандықтың көркем көрінісі болған шара үнемі жалғасын табады деген ниеттеміз" - дейді мешіт қызметкерлері.