Қайырымдылық - игілік бастауы

Қайырымдылық - игілік бастауы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дүйсенбі күні облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің ұйымдастыруымен «Қайырымдылық сыйы – жәннат» атты 500 мұқтаж отбасына арналған қайырымдылық акциясы аясында аудандық  Төле би  мешітінің алаңында игі шара өтті.

Аталмыш қайырымдылық шарасына облыс көлемінде көмекке мұқтаж 500 отбасын қамту көзделген. Ал ауданнан аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен жетім және мүмкіндігі шектеулі азаматтардан құралған көмекке мұқтаж 30 адам жұмылдырылды.

Төле би ауылының мешітінің бас имамы Аят Дыбысұлы көпшілік алдында сөз сөйлеп, әуелі сабырлылық, қанағатшылдық, барға шүкіршілік ету сынды адам бойындағы құнды қасиеттердің маңыздылығын тілге тиек етті.

"Мұқтаж жандарға қол ұшын созу - үлкен сауапты іс. Біз бұл қайырымдылық шарасына тек қаланы ғана емес, ауылдық жерлерден де көмекке мұқтаж отбасыларды қамтыдық. Байқасаңыз, бір үйде жалақы, жәрдемақы, зейнетақы алмай-ақ, еңбек етіп, өз несібесін тауып, күн көріп жатқандар бар. Жомарттықтың үлгісін көрсеткен абзал жандар көбейе берсін. Жаратқан иеміз осындай сауапты істерден айырмасын," - деген Аят Дыбысұлы үлкендерді өз балаларын имандылыққа тәрбиелеуге шақырды.

Мұнан кейін жоғарыда аталған жандарға азық-түлік өнімдері мен тұрмысқа қажетті заттар үлестірілді. Мешіт ауласына жиылған жұртшылық,  бұл игі іс шараға дән риза болып, ұйымдастырған азаматтарға өз алғыстарын білдірді.

                               Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: