Деструктивті діндерге балалардың тартылуын алдын алу мақсатында Қордай, Меркі, Мойынқұм, Шу аудандарында орналасқан бірнеше ауылдық мекендерде діни жүздесулер жүргізілді.
Тұрғындарының діни сауаттылығын арттыруды көздеген жиында балалардың психологиялық және рухани қауіпсіздігінің негіздері, жастар арасында дәстүрлі құндылықтарды насихаттаудың негізгі түрлері мен әдістерін түсіндіру, қоғамда діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын идеологияның таралуын алдын алу шаралары жасалды.
Ата-аналар, ауыл тұрғындары, жұмыссыздар, жастар арасында «Ғаламтор және жастар» тақырыбында тақырыптық дәрістер ұйымдастырылды.
Іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің найб имамы, дінтанушы-магистр Ержан Аманбаев арнайы қатысып қайтты.
Кездесу барысында Ержан Маханұлы дәстірлі емес діни ағымда жүрген адамдардың сыртқы белгілеріне тоқталып өтіп, жастарымызды осы теріс ағымдардың жетегінде кетпес үшін қажетті ақпаратпен бөлісті. Е.Аманбаев сөз сөңында Ислам діні ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің екенін атап өтті.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.