Дін мамандары аудандарда насихат жүргізді.

Дін мамандары аудандарда насихат жүргізді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Адырна-Таразы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жуалы ауданы (Б.Момышұлы, Көкбастау а.о.), Қордай ауданы (Сортөбе а.о), Меркі ауданы (Меркі, Жамбыл а.о.), Мойынқұм ауданы (Мойынқұм, Мыңарал а.о.) Шу ауданы (Төлеби, Балуан Шолақ а.о.) ауылдарында  «Қазақстандағы исламның тарихын, деструктивті діни ағымдардың сипаты және сот шешімімен тыйым салынған ұйымдардың белгілерін түсіндіру» тақырыбында семинар-тренингтер, кездесулер ұйымдастырылды.

Кездесуге мектеп мұғалімдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, ауыл имамдары және ауыл тұрғындары қатысты.

Іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің найб имамы, дінтанушы-магистр Ержан Аманбаев арнайы шақырылып, дін саласында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында іс-шараға қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар ала алды.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған діни ұйымдар туралы ақпарат» атты бүктемелер кездесуге қатысушыларға үйлестіріліп берілді. 

Е.Аманбаев: "Ислам әлемдегі ең таза дін, оны дәстүрлі емес ағым өкілдерінің қара күйе жағуына жол бермеуіміз қажет деп атап өтті. Бүгінгі таңда жастарымыздың теріс ағымның жетегінде кетпес үшін барша қоғам болып көп жұмыс жасау керектігін атап өтті. Сонымен қатар теріс ағымдардың жетегінде жүрген жастардың көбіне жұмыс жасайтын орындарына тоқтала өтіп, жақындарымызды, туыстарымызды олардан аластата ұстау керек,- деп атап өтті.

Іс-шара соңында бірлестік тарапынан кездесу қатысушыларына салаунама парақшалары таратылып, дін саласына байланысты тұрғындардың ұсыныс-пікірлері алынды. Алдағы уақытта аталмыш ұсыныс-пікірлер сараланып, мемлекеттік орган басшыларына жолданатын болады.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: