Кейінгі кездері елімізде орын алып жатқан келеңсіз оқиғалар қоғам тарапынан дін туралы дұрыс та, бұрыс пікірлер тудыруда. Дін туралы дұрыс түсінік қалыптастыру – халықтың діни сауатын ашу маңызды іс. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыс шараларының аясы кеңейіп, түрлі аудиторияларда Қордай ауданының дін қызметкерлері теріс ағымдар жайлы уағыз жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Қордай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлы Қордай аудандық қазынашылық басқармасы ұйымының қызметкерлеріне ислам жайлы түсінік, терроризм мен экстремизмнің және деструктивті діни ағымдардың алдын алу тақырыптарында дәріс өткізіп қайтты.
Мекеме қызметкерлері қатысқан басқосуда Дәуренбек Жандосұлы аталмыш тақырыптарды кеңінен тарқатып, түрлі сұрақтарға жауап қайтарды.