Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" орталық мешітінің найб имамы Ержан Маханұлы Аманбаев Меркі ауданы «Меркі ата», «Жақсымбет», «Жарас», «Ыбырайым ата» мешіттерінде аудан, ауыл тұрғындарына дін саласында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мешіт жамағатына елімізде діни ахуалға байланысты теріс діни ағымдардың белгілері туралы уағыз айтып, түсіндіріп өтті.
Ержан Маханұлы мешіт жамағатына қазақ елі ұстанатын Ханафи мазхабында барлығымыз бірге, бөлінбей бірегей намаз оқып, діни амал жасауымыз керек екендігін атап өтті.
Меркі ауданы орталық «Меркі ата» мешіті