Кітапхана оқырмандары дін маманымен сұхбат жүзгізді.

Кітапхана оқырмандары дін маманымен сұхбат жүзгізді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шоқан Уалиханов атындағы Жамбыл облыстық кітапханасының оқырмандары дін маманымен жүздесіп, сұхбат жүргізді.

Кездесуге ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев арнайы қатысып қайтты. 

Дінтанушы "Дін - тәрбие діңгегі" тақырыбының аясында сөз сөйлеп, оқырмандардың сауалдарына жауап берді.

Ұлттық тәрбиедегі діннің рөлі, бұл екі арнаның бір-бірімен сабақтастығы, дін арқылы өзімізді қалай жөнге келтіреміз сынды мәселерді тілге тиек еткен жиын көпшілікке мол мағұлмат берді. 

Кітапхана ұжымы маманға алғыс білдіріп, алдағы бас қосулар туралы хабар берді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

    

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: