Жуалының 14 ауылдық аймағында діни жүздесу өтеді.

Жуалының 14 ауылдық аймағында діни жүздесу өтеді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 «Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылында «Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев арнайы барып қатысып қайтты.      

Дін маманы жиынға қатысқан жастар мен ауыл тұрғындары, Б.Момышұлы ауылы әкімі аппаратының қызметкерлеріне ауыл тұрғындары қоғам мен жастардың қарым-қатынасы, ондағы жастардың алатын орны, жастардың арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жасаса, «Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Есіркепов тұрғындар мен қызметкерлердің діни экстремизм бойынша және заң алдындағы жауапкершілігі туралы нақты мәліметтер көрсетті.

         Келілі кездесу соңында имамға сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар қайтарылды. Қызметкерлер осындай алдын алу іс-шаралары жиі өтіп тұрса деген ниет білдірді.

Сонымен қатар барлық кездесуге қатысушыларға бүктеме қағаздар таратылды.

Айта кетейік, осындай мәжілістер Жуалы ауданының 14 ауылдық округінде 3 күн бойы жалғасын таппақ.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: