500 Жамбылдық тұрғын мешіттен көмек алды.

500 Жамбылдық тұрғын мешіттен көмек алды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Һибатулла Тарази» мешіті мен ҚМДБ Зекет қорының ұйымдастыруымен облыстың рухани жүрегі болған орталық мешітте «Қайырымдылық сыйы – жәннат» атты ауқымды науқан өтті.

Бұл іс-шараның бір ерекшелігі – игі бастама Жамбыл облысын түгел қамтып отыр. Науқан барысында көпбалалы, жалғызбасты, қарт, мүгедек, әлеуметтік жағдайы төмен, көмекке мұқтаж 500 отбасы толықтай азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

Жәрдем ретінде асхана қажеттіліктері (май, күріш, ұн, 4 түрлі макарон, қант, тұз, шай, кәмпит, т.б.) мен шаруашылық қажеттіліктер (парашок, сабын, т.б.) берілді.

Бүгін көмек орталық мешітте Тараз қаласының тұрғындарына үлестірілген болса, аудандардың бас мешіттерінде ауыл тұрғындарына таратылуда.

Күн суып, халық тон терісін жамыла бастаған мерзімде айтулы көмек тұрғындарды қатты қуантты. Шараға жиналған Тараздықтарға қайырымдылық дорбаларын ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, осы мешіттің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев пен найб имамы Әбжаппар Әмір және мешіт қызметкерлері табыстады.

Бұқара халық қамы үшін қашанда қайырымдылық шараларын жасап отыратын Алла үйі алдағы уақытта да жұртшылықты осындай көмегімен қуанта бермек.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: