"Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Қыздар-әйелдер секторының ұйымдастыруымен жалғызбасты, көпбалалы аналарға көмек берілді.
Аталған қайырымдылық іс-шарасына жалпы 100 000 теңге қаражат жұмсалды. Ігі шара барысында 5 адамға 20 000 теңгеден үлестіріліп берлді. Қаражатты сектор өкілі Зейнеп Үсенова табыстады.
Көрсетілген қамқорлық үшін нәзік жандылар шын алғыстарын жеткізіп, қуанышын білдірді.
Отбасы үшін шыбын жанын шүберекке түйіп, бір қолымен әлемді бір қолымен бесікті тербетіп жүрген аналар аман болсын!
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.