МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Базарбай ауылдық «Базарбай» мешітінің имамы Ербол Қасқырұлы Қостөбе ауылдық «Қостөбе» мешітінің жамағатымен кездесіп, «Рухани жеті қазық – ізгіліктің бастауы» тақырыбында насихат айтты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Бүгін Әбдірашит ата мешітінің имамы Ахат Қайыпбергенұлының ұйымдастыруымен және "Қаратау Қайырымдылық Қоры"-ның демеушілігімен қасиетті Жұма күнінде мешітіміздің ақсақалы Нәуенов Мақұлбек атамызға Умра қажылығына жолдама табыс етілді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапхана әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Бейбітшілік пен келісім ел дамуының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Жиынға Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы мен «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің ұстазы Зулпыкаров Нұрсұлтан, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар және қоғам қайраткерлері қатысып, бейбітшілік пен келісімді сақтау жолындағы маңызды мәселелерді талқылады.