Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің имамы Қуаныш Түзелбеков өз командасымен апталық футбол ойынына қатысып, салауатты өмір салтын ұстануда.
Аудан имамының команда құрамында Луговой ауылының имамы Үмбет Сабырханов, Жақсылық ауылының имамы Нұрпейсов Қалижан, Көкдөнен ауылының имамы Бақытжан Әлімбеков және азаншысы Кенжехан Баушыбаев бар. Имамдардан құралған команда апта сайын ардагер ойыншылардың арасында өтетін футболға қатысып, дене шынықтырумен айналысуда. Қазақ ата-бабамыз «Дені саудың – жаны сау» деп, бекер айтпаса керек.