Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлының ұйымдастыруымен «Мәуліт кеші» өтті. Мәуліт кешіне аудандағы қариялар, мешіт жамағаты және әйел-қыздар жамағаты мен шәкірттері қатысып, қонақ болды. Облыстан Һибатулла Тарази орталық мешітінің наиб имамы, РАНТ мүшесі Нұралы Бақытұлы арнайы қонақ боп шақырылды.
Қонақтарға ақ дастарқан жайылып, діни өлеңдер мен ғибратты термелер айтылды. Сонымен қатар, діннен және дәстүрден түрлі сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар үлестірілді. Кеште Үмбет Орынбасарұлы мәуліт жырын оқып, Пайғамбардың өмірінен сыр шертті. Артынан, Нұралы ұстаз Пайғамбарымыздың өмір тарихынан үлгі аларлық уағыз-насихат айтты.