Т.РЫСҚҰЛОВ: РАНТ МҮШЕСІ МӘУЛІТТЕ УАҒЫЗ АЙТТЫ

Т.РЫСҚҰЛОВ: РАНТ МҮШЕСІ МӘУЛІТТЕ УАҒЫЗ АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлының шақыртуымен аудандық деңгейде өткен Мәуліт кешіне облыстық орталық мешіттің наиб имамы, РАНТ мүшесі Нұралы Бақытұлы келіп, Пайғамбар өмір баянынан уағыз-насихат жасады. Жамағатқа Пайғамбар өмірі мен хадистерінен алынатын үлгі-өнегелерді кеңінен баяндады. Сонымен қатар, Алла Елшісінің тұла бойын, мінез-құлқын, Қияметтегі дәрежесін де атап өтті.

         Алла Құранда: «Ант етеміз, сендер үшін Аллаға және ақырет күніне қауышуды армандағандар мен Алланы көп зікір етушілер үшін Расулуллаһта тамаша үлгі-өнегелер бар» (Ахзаб сүресі 21-аят).

         Тарих беттерінде өмірінің барлығы егжей-тегжейлі зерттеліп, жазылған бірден-бір пайғамбар - Мұхаммед Мұстафа (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алла Тағала, Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) барлық адамзатқа «усуәтун хәсәнәтун», яғни ең кәміл үлгі ретінде жаратқан. Сол себепті оны қоғам ішінде «жетім балалығынан» бастатып, өмірдің барлық сатыларынан өткізіп, мемлекет билейтін дәрежеге дейін жеткізген. Мұның себебі, қоғам ішінде түрлі санатта, өмір сүріп жатқан адамдардың Алла Елшісінен өздерінің өмірдегі орнына қарай үлгі-өнеге алу болып табылады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: