Балалардың жазғы демалыс уақытында діни сауат ашу мен тәрбие алуы әркез маңызды. Дін мен дәстүрді үйлестіріп, демалысын тиімді өткізу мақсатында Шу аудандық мешітінде қасиетті Құран оқып үйрену дәрістері жалғасуда.

Ислам және дәстүр құңдылығы жылына орай «Күнту баба» мешітінің имамы Әуесбаев Берік ауылдық ауруханаға барып қайтты.
«Ислам және дәстүр құндылығы жылы» аясында «Жүніс молда» мешітінің ұстазы Есеналиев Еламанның ұйымдастыруымен мешіттер жанындағы жазғы діни сауат ашу курсында дәріс алушы шәкірттер арасында футболдан жарыс өтті.
Әлемдердің Раббысы Алла Тағаланың берген сансыз нығметтерінің бірі – су. Тіршілік көзінсіз өмірдің мәні жоқ. Меркі ауданы, Ойтал ауылының имамы Олжабаев Жанболаттың ұйытқы болуымен ауылдағы бір отбасыға су кіргізіп берді.
Жамбыл облысы, Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінде әлемге әйгілі «Әл-Әзһар» университетінің түлегі, «Нұр-Мүбәрак Египет Ислам Мәдениеті» университетінің оқытушысы, белгілі ұстаз Ризабек Батталұлы имамдарға семинар дәрісін жүргізді.
Көңіл сұрау – қанымызға сіңген салтымыздың бірегейі. Ол адамды құрметтеудің нышаны. «Аурудың емі – саудың сәлемі» деген мақал бар.