Тараз: "Кеңесхан қажы" мешітінің шәкірттері арасында білім сайысы өтті

Тараз: "Кеңесхан қажы" мешітінің шәкірттері арасында білім сайысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы "Кеңесхан қажы" мешітінде рухани әрі танымдық маңызы зор білім сайысы өтті. Бұл сайыс мешіт ұстазы Зейнеп Жәдігерқызының ұйытқы болуымен ұйымдастырылып, шәкірттердің білімін шыңдауға бағытталды.

Сайыс шарттары бойынша қатысушылар бірнеше топқа бөлініп, өзара білімдерін сынады. Ақиха, сира, пайғамбарлар тарихы, фиқһ, Құран, тәжуид және ахлақ пәндеріне қатысты дайындалған сұрақтар шәкірттерге кезең-кезеңімен қойылып, дұрыс жауап бергендерге ұпайлар беріліп отырды.

Шәкірттер білімдерін ғана емес, тапқырлықтарын, жылдамдықтарын да көрсете білді. Бұл шара жастардың діни сауатын арттыруға, өзара ынтымақтастықты нығайтуға және білімге деген құштарлықтарын оятуға үлкен үлес қосты.

Сайыс соңында үздік шыққан топтар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді. Ұйымдастырушылар осындай танымдық шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: