#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ДІНІ АМАННЫҢ ЕЛІ АМАН» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ДІНІ АМАННЫҢ ЕЛІ АМАН» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Тұрар Рысқұлов ауданы Әбжапар ауылы «Әбдіжаппар» мешітінің имамы Ғалымжан Аятұлы ауылдық мәдениет үйінде өткен дөңгелек үстелге қатысып, «Діні аманның елі аман» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

         Ислам діні  қоғамды татулыққа шақырады, тыныштықта өмір сүруге жетелейді, ынтымақ пен бірлікке бастайды. Қасиетті Құран Кәрімде: «Уа, иман келтіргендер! Аллаға және Оның Елшісіне бас иіп бағыныңдар! Сондай–ақ, бір-бірлеріңмен жанжалдаспаңдар! Олай істер болсаңдар үрейге түсіп, күш - қуаттарың азаяды. Сонымен қатар сабыр етіңдер! Өйткені Алла сабырлы жандармен бірге болады», - делінген.

 Өзара сүйіспеншілік пен қайырымдылық көрсетуге үндейтін, бөлінушілік пен дұшпандықтан сақтандыруда асыл дініміздің орны бөлек. Ал, Құран мен Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадистері мұның айқын дәлелі. Мәселен, Алла Тағала Құран Кәрімде бізді бірлік пен ынтымаққа шақыра отырып, былай дейді: «Барлықтарың Алланың жібіне (дініне) жармасыңдар, сондай - ақ өзара бөлінбеңдер».  Ал сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с): «Мүміндер кірпіштерден қаланған бір ғимарат іспеттес», - дей отырып біздер үшін бірлікпен ынтымақтың қашанда маңызды екендігін білдірген.

 ҚуанышТүзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: