Үйлену – Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті әрі маңызды құлшылықтардың бірі. Осыған орай, Талас ауданы, Аққұм ауылындағы Аққұм мешітінің имамы Абатов Дәурен мешітке келген жастардың шариғат жолымен ақ некесін қиды.

Жамбыл облысы әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы Алпысбаев Бахтияр Қаржаубайұлы «Қазақ ойшылдарының діни мұралары» тақырыбында «һибатулла Тазари» медресе-колледжінің шәкірттеріне семинар өткізді.
Талас ауданы, Қаратау қаласы, "Әбдірашит ата" мешітінің имамы Ахат Қайыпбергенұлы мешіт жамағатына еліміздегі діни жат ағымдардан жастарымызды сақтандыру - дінімізге деген қызмет және әрбір саналы мұсылманның міндеті екендігі жайлы тілге тиек етіп, кең көлемде уағыз-насихатын айтып өтті.
Аудандық Қаратау Қажы би мешітінің бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлының ұйымдастыруымен аудандық жиналыс өтті. Аталмыш жиналысқа ауданымыздың барша имамдары мен ақсақалдар кеңесі төрағалары және жергілікті атқарушы биліктің өкілдері қатысты.
Бірлік ауылы «Бірлік» мешітінің имамы Медет Жұматай шәкірттерге рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіріп, олардың жүрегіне ізгілік пен имандылық дәнін егу мақсатында дәріс жүргізуде.
Көктөбе ауылында діни ахуалды зерделеу мақсатында жиын өтті. Бұл кездесу барысында жергілікті мекеннің діни тұрақтылығы мен жат ағымдардан сақтану жолдары қарастырылды.