Тараз: ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН "МӘЙІТТІ КЕБІНДЕУ" СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Тараз: ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН "МӘЙІТТІ КЕБІНДЕУ" СЕМИНАРЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әйелдер жамағатының өтініші бойынша "Кеңесхан қажы" мешітінде мәйітті жуу және кебіндеу рәсімдері бойынша арнайы семинар ұйымдастырылды. Бұл шара әйелдерге діни рәсімдерді дұрыс орындау тәртібін үйрету мақсатында қолға алынды.

Семинарды "Кеңесхан қажы" мешітінің ұстазы Зейнеп Үсенова мен "Әжелер алқасы" мүшелері жүргізді. Жиналған қыз-келіншектерге мәйітті жуу, кебіндеу, мейітке мейрам суын ішкізу сынды рәсімдер іс жүзінде көрсетілді. Бұл сабақ көптеген әйелдер үшін маңызды әрі қажетті білім көзі болды.

Қатысушылар өз алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта осындай семинарлар жиі өткізілуін сұрады. Мұндай шаралар исламдағы діни рәсімдердің маңызын ұғынуға, салт-дәстүр мен шариғат талаптарын дұрыс орындауға септігін тигізбек. Дәріс Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетіліп, жамағатқа кеңінен қолжетімді болды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: