Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы ауданға қарасты мешіттің имам-молдаларын жинап, Қасиетті Рамазан айында атқарылуы керек бірқатар тапсырмаларды берді.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы ауданға қарасты мешіттің имам-молдаларын жинап, Қасиетті Рамазан айында атқарылуы керек бірқатар тапсырмаларды берді.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінің имамы және аудан бойынша пәтуаға жауапты Үмбет Сабырханов әр жұма сайын жамағатқа пәтуа сағатын өткізуде. Пәтуа сағатында муфтиятта қабылданған пәтуалар айтылып, насихатталуда.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлының ұйымдастыруымен аудан бойынша «Рамазан сыйы» қайырымдылық акциясы жүзеге асырылды.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты барлық ауылдық мешіттерде Қасиетті Рамазан айының құрметіне тарауих намазына келген жамағатқа күнделікті уағыз айтылуда.
Қасиетті Рамазан айының келуімен Сарысу аудандық мешіті ерекше сәнге бөленді. Қазақы салт-дәстүрге сай аспашам шаңырақ бейнесінде ілініп, мешіттің келбеті одан әрі көркейе түсті.
Рамазан айының қарсаңында Сарысу ауданының бас имамы Айбек Амангелдіұлы аудан әкімі Сәкен Үмбетұлымен жүздесті. Кездесу барысында Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлының Рамазан айының құттықтау хатын табыстады.