Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлының ұйымдастыруымен аудан бойынша «Рамазан сыйы» қайырымдылық акциясы жүзеге асырылды.
Атап айтқанда, аудан бойынша 13 ауылдық мешітте ұйымдастырылған қайырымдылық 85 мұқтаж отбасыны қамтыды. Қасиетті Рамазан айында тұрмысы төмен отбасыларға жәрдем беріп, көңілдерін көтеріп, алғыстарын алуға тырысты.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі