Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы ауданға қарасты мешіттің имам-молдаларын жинап, Қасиетті Рамазан айында атқарылуы керек бірқатар тапсырмаларды берді.
Биылғы жылғы жоспар бойынша 4 бағыттың тапсырмаларымен қатар, Рамазанға дайындыққа кеңінен тоқталып, соның ішінде, мешіт пен мешіт асханаларын және мешіт аулаларын салт-дәстүрімізге сәйкес безендіру және Рамазанмен құттықтау баннер-билбордтарын ілу, уағыз-насихаттарды күшейту тапсырылды.
Сонымен қатар, Рамазан сыйы, Рамазан тәттісі, Рамазан қоржыны сияқты қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру, жетім-жесірлер мен көп балалы отбасыларға және студенттерге ауызашар беруді ұйымдастыру керек екендігі айтылды. Қасиетті айда барынша құлшылық пен ізгі амалдарды көбірек жасап мол сауапқа кенелуге шақырды.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі