Рамазан айының қарсаңында Сарысу ауданының бас имамы Айбек Амангелдіұлы аудан әкімі Сәкен Үмбетұлымен жүздесті. Кездесу барысында Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлының Рамазан айының құттықтау хатын табыстады.
Сізді қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – рухани жаңғырудың, сабыр мен кешірімнің, қайырымдылық пен мейірімнің айы.
Рамазан – мұсылман қауымы үшін ерекше ай. Бұл уақытта әрбір жасалған ізгі амал еселеніп сауапқа жазылады. Ел игілігі үшін жасаған еңбегіңізге Алла Тағала береке беріп, қызметіңізге табыс нәсіп етсін!
Халқымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтуда, әлеуметтік жағдайды жақсартуда, игі істер атқаруда сіздің еңбегіңіз зор. Алла Тағала елімізге тыныштық, жұртымызға амандық, отбасыңызға береке нәсіп етсін! Жасаған әрбір ізгі амалдарыңыз қабыл болғай! Рамазан айы мүбәрак болсын деп ізгі ниетпен бата берді.