Сарысу ауданының бас имамы Айбек Амангелдіұлы мешітке жиналған жамағатқа «Дін мен дәстүр» кітабын таныстырды.
Сарысу ауданының бас имамы Айбек Амангелдіұлы мешітке жиналған жамағатқа «Дін мен дәстүр» кітабын таныстырды.
Мәуліт арабша «туылу», «туылған уақыты» деген мағыналарды білдіреді. Адамзаттың асылы, Пайғамбарлардың ардақтысы Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған уақытына байланысты атап өтілетін күн мәуліт деп аталады. Адамзаттың осы асыл тұлғасы Мұхаммед Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген мәуліт мерекесінде Пайғамбарымызға деген сүйіспеншілік артады.
Дін мен дәстүр сабақтастығы көптен бері қозғалып келе жатқан тақырып. Жас ұрпаққа ұмыт қылмай, рухани байлықа сусындату мақсатында ауыл әкімшілігінде жастар жетекшісі Мадина ханымның демеушілігімен мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді.
Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінің имамы Үмбет Орынбасарұлы кітапханада мәуліт айының қарсаңында «Екі дүние сардары» атты семинар өткізді. Семинарға әкімшілік қызметкерлері мен ауыл жастары қатысып, адамзаттың асыл тәжі болған Алла елшісінің өміртарихынан сусындап қайтты.
20-21 қыркүйек күндері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының ұйымдастыруымен Тараз қаласында өткен халал өнімдердің халықаралық «HALAL EXPO-2024» көрмесінде Меркі ауданынан “AQNUR”” сүт өнімдері өз өнімдерін қойды.
Қайырымдылық - адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Жақсылық жасайтын жандар әрқашан және әркезде табылады.