Жуалы ауданы, Қарабастау ауылы, «Билікөл» мешітінің имамы Орынбасарұлы Қуаныш қасиетті Рамзан айында мешітте «Дінге беріктік» жайлы уағыз насихат жүргізді. Осы орайда адам баласына қажетті болған сипат – истиқамат. Яғни, дінге беріктік.
Дінде берік болу деп – тура жолды тауып, хақ діннің жолына түскеннен кейін, одан оңды-солды ауытқымай, діннің барлық бұйрықтарына бағынып, тыйымдарынан толықтай тыйылуды айтамыз деп жамағаттарға әсерлі насихатын жүргізді..
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі