Ислам діні – тазалыққа негізделген дін. Өйткені, мұсылманның құлшылығы өзін таза ұстаудан басталады. Адамзаттың арманы болған Жәннаттың кілті намаз болса, намаздың кілті – тазалық. Ал Алланың үйін тазалау, тіпті шаңын болса да сүрту – мол сауапқа кенелу.
Жуалы ауданы, Теріс ауылы, «Мырзахмет ата» мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді. Мешіт имамы Бауыржан Мұсағалиұлы мен мешіт жамағаттары мешіттің ішкі және сыртқы тазалығын жүргізді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.