- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 702
Жамбыл: «Діни алауыздықтан сақтану»
Жамбыл ауданы, Сұлутөр ауылы, «Хадж Тамаль Медина» мешітінің молдасы Ансар Абилов ауылдық дене шынықтыру кешенінде жастармен ««Діни алауыздықтан сақтану» тақырыбында кездесу өткізілді.
Жамбыл ауданы, Сұлутөр ауылы, «Хадж Тамаль Медина» мешітінің молдасы Ансар Абилов ауылдық дене шынықтыру кешенінде жастармен ««Діни алауыздықтан сақтану» тақырыбында кездесу өткізілді.
Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылының «Бесағаш» мешітінің молдасы Айтжан Керимов пен Турксиб ауылының «Турксиб» мешітінің молдасы Болат Айдарбеков ауыл ақсақалдары мен тұрғындарымен бірге жаназа мен ас-садақаларға қатысты. Олар осы шаралар барысында ысырапшылдыққа жол берілмейтінін атап өтті.
Ислам дінінің бес парызының бірі – дүниесі нисап мөлшеріне жеткен адамның зекет беруі, яғни мал-дүниесін кедейлерге үлестіру болып табылады. Бұл – мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамдағы мейірімділік пен қайырымдылықты арттыратын сауапты амал.
Қордай ауданының бас имамы Алмұханбетаранжан Егизбаев Еңбек ауылындағы «Еңбек» мешітінде жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын бақылап қайтты. Қазіргі уақытта мешіттің жылыту жүйесі жаңартылып, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Бұрын электр қуатымен жылытып келген мешітке қазір газ жүйесі орнатылып, ыстық еден жүйесі іске қосылған.
Жамбыл облысы, Қордай ауданының «Қордай» мешітінің бас имамы Алмұханбетаранжан Егизбаев Қарасай баба ауылында, мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиынға ауыл әкімі, ақсақалдар, билер және ел ағалары да қатысты.