Жуалы: "Құлбайымбет" мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Жуалы: "Құлбайымбет" мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Құлбайымбет" мешітінде қасиетті Рамазан айына орай қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Игі шараға мешіт молдасы Мәдиұлы Нұржан және 1973 жылы туған ауыл азаматтары ұйытқы болып, төрт көпбалалы отбасыға азық-түлік себеттерін үлестірді.

Ауыл молдасы демеушілік танытқан азаматтарға алғысын білдіріп, олардың жанұяларына береке-бірлік тілеп, ақ батасын берді. Қайырымдылық шарасына қатысушылар мұндай игі істердің жалғасуына ниет білдірді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: