Әйелдер жамағатының өтініші бойынша "Кеңесхан қажы" мешітінде мәйітті жуу және кебіндеу рәсімдері бойынша арнайы семинар ұйымдастырылды. Бұл шара әйелдерге діни рәсімдерді дұрыс орындау тәртібін үйрету мақсатында қолға алынды.
Әйелдер жамағатының өтініші бойынша "Кеңесхан қажы" мешітінде мәйітті жуу және кебіндеу рәсімдері бойынша арнайы семинар ұйымдастырылды. Бұл шара әйелдерге діни рәсімдерді дұрыс орындау тәртібін үйрету мақсатында қолға алынды.
Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде қасиетті Рамазан айына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, биылғы Рамазан айының өту тәртібі, ұйымдастырылатын шаралар, Қадір түні мен пітір садақасына қатысты маңызды ақпаратпен танысты.
Қасиетті Рамазан айының қарсаңында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен "Қош келдің, Рамазан!" атты рухани кеш өтті. Кешке 200-ге жуық қыз-келіншек пен ақ жаулықты әжелер қатысты. Іс-шараны облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имам Ғалымбек Жапек Құран оқумен ашты. Ол жиналған жамағатты қасиетті айдың келуімен құттықтап, Рамазанның берекесі мен рухани маңызы жайлы баяндады.
Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қоғамда ізгілікті насихаттаудың мәдениеті» атты ІІ Республикалық уағызшылар форумы өтті.
Жамбыл облысына қарасты ауыл имамдары биылғы аттестациядан өту үшін біліктіліктерін жетілдіру жұмыстарын бастап кетті. Бұл мақсатта "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапек дін қызметкерлерінің құжаттарын тексеріп, рәсімдеу жұмыстарын пысықтады.
Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде сенбілік жұмыстары өтті. Іс-шараға "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің шәкірттері белсенді түрде атсалысты. Шәкірттер мешіт ауласын тазалап, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. "Тазалық – иманның жартысы" деген хадисті негізге ала отырып, жастар қоршаған ортаның тазалығына мән беру қажеттігін өз іс-әрекеттерімен көрсетті.