Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағала – таза, тазаланғандарды жақсы көреді» деген. Сонымен қатар, қоршаған ортаны ластамауға, керісінше оны көркейтуге шақырған.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағала – таза, тазаланғандарды жақсы көреді» деген. Сонымен қатар, қоршаған ортаны ластамауға, керісінше оны көркейтуге шақырған.
Сұлутөр ауылы «Хаджи Темаль Медина» мешітінің молдасы Ансар Абилов тасаттық мешітте ауыл тұрғындарын жинап, ықылымнан жеткен үрдіс- тасаттықты орындады. Шараға жүз адам қамтылып, қасиетті Құран оқылып, истисқа намазын орындап, Алла Тағаладан жаңбыр тілеп, дұға жасалды.
Танты ауылы «Танты баба» мешітінің имамы Қанат Қуанышбековтың ұйымдастыруымен жұма намазынан кейін жамағатқа палау таратты. Тантылықтар бұл игі амалды бірнеше рет қайталап үрдіс ретінде жалғастыруда.
Түрксіб ауылы «Түрксіб» мешіті жамағаты ауыл тұрғындарымен бірге ауыл мектебінің ауласына 20 түп тал екті. Бір тал кессең он тал ек деген атам қазақ әубастан тал егу жұмысы ізгі амалдардан деп білген.
Түрксіб ауылы «Түрксіб» мешітінің молдасы Болат Айдарбековтың ұйымдастыруымен ауыл тұрғындары бірігіп тасаттық берді. Молда жамағатымен истисқа намазын оқыды. Ауыл тұрғындары атағандарын ақ дастархан жайды.
Бесағаш ауылы «Бесағаш» мешітінде тазалық жасалды. Ислам діні тазалыққа үлкен мән берген. Мұсылман адам өзінің раббысына құлшылық жасау үшін дене, киім және құлшылық жасайтын жері тіпті жүректің тазалығы керек екен.