Түрксіб ауылы «Түрксіб» мешітінің молдасы Болат Айдарбековтың ұйымдастыруымен ауыл тұрғындары бірігіп тасаттық берді. Молда жамағатымен истисқа намазын оқыды. Ауыл тұрғындары атағандарын ақ дастархан жайды.
Молда тасаттық туралы уағыз айтып, ауылды ауызбіршілікке шақырып, ынтымақпен жасалған жұмыс нәтижелі болмақ, ал адамдар оның берекесіне бөленбек екенін білдірді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі