Жамағатқа қолайлы жағдай жасау мақсатында «Тұрғани» мешіт аумағында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, мешіт алдына кең көлемді бастырма салынуда.
Бұл бастырма жамағатты жауын-шашын мен аптап ыстықтан қорғайтын көлеңкелі әрі жайлы орынға айналмақ. Құрылыс жұмыстарына жамағат та белсенді атсалысып, мешітке деген жанашырлық пен қамқорлықтың үлгісін көрсетуде.
Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.



27 Қазан 2025
5 Джумада-авваль 1447

