МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінің молдасы Ерман Өтегенұлының ұйымдастыруымен жамағат арасында теннистен жарыс өтті. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілген жарыста қарсыластарына дес бермей, Абдуали қари жеңіске жетті.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Тұрар Рысқұлов ауданы Ақбұлақ ауылы «Отарымбет» мешітінің имамы Қалтай Спанұлы ауыл жастарын ұйымдастырып, мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмек берді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» ұранымен бастау алған қайырымдылық шарасы 10 отбасыны қамтыды. Қайырымдылық ретінде күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік және бір қойдың еті таратылды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағатына умрадан келген апаларымыз дастархан жайды. Дастархан басында апалар дұға жасап баталарын беріп, қасиетті мекеннен келген зәм-зәм сулары мен құрмаларын таратты. Сондай-ақ, айтысқа қатысқан апаларымызға қосымша сыйлықтар жасады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық Қордай мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағатына «Қазақ қоғамындағы  әйелдер» атты семинар өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен «Дінім, тілім-тұмарым « атты екі мешіт  арасында айтыс  өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жамбыл облысы, Меркі ауданының аудан бас имамы Азамат Берікұлы «Колхоз Жамбыл» футбол командасын мешіт ұжымы атынан алғыс хатпен марапаттады.