Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Жамағат болып жұма намаз оқу – әрбір мұсылман үшін парыз. Бұл үкім төрт адамға жүрмейді: құл, әйел, сәби және науқас» – деп, жұма намазының үкімін айқындап кеткен. Осыған орай Жамбыл облысы, Қордай ауданының бас имамы Егізбаев Әлмұханбет Шарбақты ауылындағы «Дәулетбақұлы Ноғайбай би» мешітінде жұма намазын өткізіп, жергілікті жамағатпен кездесті.
Бас имам ауыл тұрғындарына насихат айтып, діни сауалдарына жауап берді. Жиын соңында ауыл ақсақалдары ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. Барша дұға-тілектеріміз қабыл болғай!
Ауылдық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі



26 Қараша 2025
5 Джумада-сани 1447

